Арнайы жоба

Алматыда цифрландыруды дамыту және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2026 жыл елімізде ресми түрде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.  

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында «Цифрлық технологиялар және робототехника» халықаралық институты мен робототехника орталығының ресми ашылуы өтті. Салтанатты рәсімге ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қытай Халық Республикасының Алматыдағы бас консулы Цзян Вей, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев және Huibo Robotics компаниясының бас атқарушы директоры Уаң Чжэньхуан арнайы қатысты.  

Қорғаныс министрлігі жасанды интеллектті енгізу жөніндегі мамандандырылған бөлімше құрды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.