Қазақстанда Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оны қамауға алуға санкция берді. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында ІІМ-нің әскери-тергеу бөлінісі қызметіне салғырт қарады деген күдікпен ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы Бас қолбасшысы, 1-дәрежелі капитанды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, — деп жауап берген BAQ.KZ сауалына ІІМ баспасөз қызметі. 

Соттың санкциясымен ол қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Айта кетейік, Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметін Қанат Ниязбеков атқарған. Өткен сенбіде ол және қорғаныс министрінің екі орынбасары қызметтерінен босатылды. Тиісті өкімге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

 

Zanmedia.kz

Comments powered by CComment