Пандемия және геосаяси жағдай қазақстандықтардың күнделікті өміріне және ел экономикасына бірталай әсер етті. Нарықтық белгісіздік жағдайында «ақылақтық тәуекел» немесе депозитті орналастыру кезінде банк таңдауда жауапкершілік таныту және «нарықтық тәртіпті» нығайту қажеттілігі бұрынғыдан да өзекті бола бастады.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы Әділ Өтембаев депозиттерге кепілдік беру жүйесінің рөлі және банкті жауапты таңдау критерийлері туралы сұрақтарға жауап берді.
– Әділ Нұрланұлы, «ақылақтық тәуекел» дегеніміз не және ол банк жүйесінде қалай көрініс табатыны туралы айтсаңыз?
– Бұл мәмілеге қатысушылардың көбірек тәуекелге баруға ынталары бар жағдай, яғни, тараптар осы тәуекелден туындайтын шығындарды басқа тараптар да толығымен немесе ішінара көтеретінін түсінген кездегі жағдай болып табылады.
Біз бұған депозиттерді қабылдау тұрғысынан мүдделіміз. Банк саласында ақылақтық тәуекел немесе Moral Hazard анықтамасы депозиттерді қатыстыратын ұйымдардың жауапсыз және зиянды мінез-құлық тәжірибесін сипаттау үшін қолданылады. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл тәуекелдің көрінісін жекелеген банктер банк өтімділігімен мәселелер туындаған кезде көбінесе басқыншылық жолмен қорландыру тәжірибесін тудыратын тәуекелді кредиттеу саясатын жүргізуі мүмкін, мысалы, нарыққа қатысты пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, депозит ашу кезінде үлкен сомаға сыйлықтар беру және т.б. айлалар арқылы салымшыларды қалай да болса тартуға тырысатынынан байқауға болады.
Бұл Қазақстан үшін ғана өзекті емес – Moral Hazard ұғымының өзі Депозиттерді сақтандырушылардың халықаралық қауымдастығының (IADI) Негізгі қағидаттарында қарастырылған. Айта кететін жайт, ҚДКБҚ 2003 жылдан бері IADI белсенді мүшесі болып табылады.
– Яғни, кейбір банктер теориялық тұрғыдан артық тәуекелге бара ала ма? Банк бизнесі сақтанымпаз болып саналады емес пе?
– Жалпы, иә, банк бизнесі өте қатаң реттеледі, бірақ банктер кейде «қауіпсіз» деңгей «ішінде» қала отырып, одан шығып кете алады. Артық тәуекелдерге бару, сонымен қатар, салымдарға кепілдік беру жүйесінің болуымен байланысты. Салымшылар үшін тәуекелдің бір бөлігін кепілдік жүйесі қабылдайтындықтан, мұндай үшінші тарап кепілдігі болмаған жағдайға қарағанда, кейбір банктер кредиттік қызметінде әлдеқайда көп тәуекелге баруға ынталы болады.
Бірақ бұл, әрине, өте сирек жағдайларда ғана болады, көбінесе банктер тәуекелді дұрыс бағалайды, ал салымшылардың шешімдері ұтымды болғандықтан, бұл нарықты тиімді етеді. Бұл нарықтың жекелеген қатысушылары тарапынан мұндай мінез-құлық шегін шектейді және оның қаржы жүйесі үшін қауіпсіз деңгейде өмір сүруіне мүмкіндік береді.
Осылайша, депозиттерге кепілдік беру жүйесі салымшыларды қорғай отырып, оларды банктердің безіну (bank runs) тәуекелінен сақтандырады, бұл жалпы алғанда жүйелік тәуекел деңгейінің төмендеуіне әкеледі және банк дағдарыстарының салдарын барынша азайтады.
– ҚДКБҚ бұл тәуекелдерді қалай реттейді? Сіздердің рөлдеріңіз қандай?
– Біз халықаралық IADI стандарттары бойынша жұмыс істейміз.
Біріншіден, біз ҚДКБҚ-ның арнайы резервіне сараланған жарналарды белгілейміз: банк өзінің тұрақтылық тәуекелдерін кешенді бағалауға байланысты белгілі бір жарна сомасы бар топқа жатқызылады. Яғни, банктің тәуекел профилі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ҚДКБҚ-ға төлейтін жарнасы артуы керек.
Сонымен қатар, ҚДКБҚ банктер үшін салым бойынша ең жоғарғы мөлшерлемелерін белгілейді. Бұл ретте, қолданыстағы нарықтық мөлшерлемелерге қатысты депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесiн едәуiр асыра көрсету немесе ең жоғары мөлшерлемелерден асып кету банктiң Қор резервiне төлейтін жарнасының сомасын арттырады. Осылайша, депозиттерді тартудың басқыншылық әдістерін қолданатын банктерді анықтау «ақылақтық тәуекелді» азайтуға да ықпал етеді, өйткені ол депозиттік базаны қалыптастырудың дұрыс емес саясатын ұстанатын банктердің «айла қолдану» мүмкіндігін шектеп, басқа нарық қатысушылары үшін дұрыс ынталандыруды құрады.
Екіншісі – ҚДКБҚ тарапынан берілетін сақтандырудың шектеулі көлемі. 19 қазақстандық банктің салымшылары үшін ҚДКБҚ кепілдігінің максималды мөлшері салымның түрі мен валютасына байланысты:
- теңгедегі жинақ салымдары бойынша – ең көбі 20 миллион теңге;
- жинақтарды қоспағанда, теңгедегі барлық депозиттер бойынша – 10 миллион теңгеге дейін;
- шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгеге дейін.
Естеріңізге сала кетейін, ҚДКБҚ ислам банктерінен басқа барлық қазақстандық банктердегі депозиттердегі, шоттардағы және төлем карталарындағы қаражатты қорғайды.
Үшінші және ең маңызды бағыт болып ҚДКБҚ-ның ықпалынан тыс, банктер жұмыс істейтін институционалдық орта табылады. Бұл нормативтік-құқықтық база, қадағалау, пруденциялық реттеу, оның ішіне ерте ескерту, араласу мен банктердің дәрменсіздігінің алдын алу режимдері кіреді.
– Тек банктер ғана емес, салымшылар да шектен тыс тәуекелге баратын сәттер бола ма?
– Мінсіз әлемде нарыққа қатысушылардың қаржы туралы барынша хабардар болуы «нарықтық тәртіпке» ықпал етеді. Бұл жағдайда ақпараттық асимметрия факторлары минималды болады, бұл жалпы алғанда ең ұтымды мінез-құлыққа және сәйкесінше нарықтық теңгерімсіздіктердің төмендеуіне әкеледі.
Іс жүзінде нарықтың белсенді қатысушылары (мысалы, депозит сомасы ҚДКБҚ кепілдік берген ең жоғары сомадан асатын салымшылар, сондай-ақ кредиторлар, акционерлер, рейтингтік агенттіктер) банктердің тәуекел профилін және қаржылық жағдайын «қадағалайды». Бұл көрсеткіштердің нашарлауы қорландыруды қымбаттатады, мысалы, депозиттер жоғары мөлшерлемемен тартылады, әйтпесе салымшылар бұл банкке бармай, сенімдірек банкке артықшылық береді. Нарық банкті «тәртіпті» етеді, осылайша оның қызметінде шамадан тыс тәуекелге бару ынтасын төмендетеді. Нарықтық тәртіптің әлсіздігі, керісінше, ақылақтық тәуекелдің көрініс табуына жағдай жасайды.
– Бұл құбылыс қазақстандық банк жүйесінде іс жүзінде орын ала ма?
– Халықаралық стандарттар бойынша салымшылардың басым көпшілігіне кепілдік беріліп, олардың депозиттеріне толық көлемде кепілдік берілуі керек. Біздің жүйе үшін бұл анық факт, өйткені салымшылар шоттарының басым көпшілігі, яғни 99,8 процент ҚДКБҚ кепілдігімен қамтылған. Дегенмен, депозиттердің белгілі бір бөлігі ақылақтық тәуекел факторына бағынышты болып қалады. Бұл Қор кепілдігінің сомасынан асатын ірі салымдарға қатысты.
– Бұл кепілдендірілген сома шегіндегі салымшылар үшін ешқандай тәуекел жоқ деген сөз бе? Жинақтары ең жоғары кепілдік сомасынан асатын салымшыларға қандай кеңес берер едіңіз?
– Классикалық ұсыныс – жинақтарды әртараптандыру, дәлірек айтқанда – «барлық жұмыртқаларыңызды бір себетке салмаңыз». Мүмкіндігінше, пайыздарды есептеу мен капиталдандыруды ескере отырып, ҚДКБҚ кепілдігінің максималды сомасы шегінде депозиттерді бөліп, бірнеше банкке орналастырыңыз.
Екіншіден, әрқашан бірдей депозиттер түрлері үшін (жинақ, мерзімді) ұсынылатын пайыздық мөлшерлемеге назар аударуыңыз керек. Оны басқа бәсекелес банктер ұсынатын өнімдермен салыстырыңыз. Мөлшерлеменің айтарлықтай асып кетуі банктің қорландыруды тарту саласындағы тәуекелді саясатының белгілерін көрсетуі мүмкін. Жарнамасына назар аударыңыз, ол мазаңызды алып, тіпті басқыншылық түрде жүзеге асырыла ма? Бұл да банк туралы қосымша ақпарат жинау туралы ойлануға себеп болуы керек.
Үшіншіден, банктердің қаржылық есептерін жақсы түсіну үшін негізгі қаржылық талдау дағдыларын дамыту қажет. Сонымен қатар, банктерге берілген халықаралық рейтингтің бар-жоғы мен деңгейіне назар аудару, пруденциялық талаптарды бұзу фактілерінің бар-жоқтығы және қаржылық реттеушінің әрекеттері туралы ақпаратты бақылау қажет.
Біз kdif.kz сайтында салымшылар үшін ең маңызды ақпаратты жинадық. Біз банктерге ұсынылатын ең жоғары пайыздық мөлшерлемелерді жариялаймыз, Standard&Poor's, Moody's және Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттіктерінен банктердің жаңартылған кредиттік рейтингтерін жинаймыз және банктер ұсынатын мөлшерлемелерді бақылаймыз. Сондай-ақ сайтта депозитті таңдау және тәуекелдерді басқару бойынша жалпы ұсыныстар беретін «Қаржылық сауаттылық» бөлімімен таныса аласыз.
Postfactum.kz from
Отдел общественных связей и международной деятельности
АО "Казахстанский фонд гарантирования депозитов"
Comments powered by CComment