Мұнайдың әлемдік бағасы өсті. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 78 доллардан асты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Лондон ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны Астана уақытымен 09:45-те 1,83 пайызға өсіп, барреліне 78,42 доллар болды.

WTI маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны 1,88 пайызға өсіп, барреліне 75,23 доллар болды.

Негізгі себептері

АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына жасаған соққыларына байланысты мұнай бағасы өсті. Бұл әлемдік мұнай мен табиғи газ саудасының 25–30 пайызы өтетін Ормуз бұғазы жабылу қаупіне әкеп соқты.

 

zanmedia.kz

Comments powered by CComment