Алматы әкімдігі LRT бағытын көрсетті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, ұзындығы 32,5 шақырым болатын LRT желісінің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Жоба аясында Алатау ауданындағы индустриялық аймақта депо салынып, ол Алматы-2 теміржол вокзалын «Барлық» және «Шығыс» көлік тораптарымен байланыстырады.

ca031a434699e7717fd619f669e16099

Ал метро желісін «Қалқаман» бекетінен «Барлық» базарына дейін ұзарту және «Жібек Жолы» бекетінен әуежайға дейін екінші желі салу бойынша дайындық жүргізіліп жатыр.

937da531fc8abc4f1c8714026be391a7

Болашақта «Сайран» бекетінен Алатау қаласына дейін үшінші желі тарту жоспарланған.

 

zanmedia.kz

Comments powered by CComment