Вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылдан бастап жеңілдетілген декларация бойынша қандай қызмет түрлері арнайы салық режимі шеңберінде жұмыс істей алатынын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өтіп жатыр.

Вице-премьердің айтуынша, рұқсат берілген тізімде мына қызмет түрлері бар:

    • Үлкен форматтағы бөлшек саудадан бөлек барлық бөлшек сауда.
    • Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, аквамәдениет.
    • Шығармашылық индустрия, мәдениет, спорт.
    • Техникалық қызмет көрсету, тасымалдау және сақтау, пошта (бірақ қаншалық үлкен бизнес екеніне байланысты).
    • Жылжымайтын мүлік пен көлікті жалға алуға қатысты да осылай.
    • Тұрмыстық қызметтер.
    • Құрылыс жұмыстары екі тізімде де болады, бәрі жұмыс түріне байланысты.
    • Кемпингтер, қонақүйлер.
    • Қоғамдық тамақтану: мейрамханалар, т.с.с.
    • Шаштараздар, сұлулық салондары.
    • Мектепке дейінгі білім беру.

«Ірі көлемде жұмыс істегісі келетіндер жалпыға бірдей белгіленген режимге көшуге мәжбүр болады», — деді Жұманғарин.

Вице-премьердің сөзінше, бүгінде шамамен 1 330 000 кәсіпкер рұқсат етілген қызмет түрлеріне жатады.

Тыйым салынған тізімде мыналар бар:

    • Өңдеу өнеркәсібі.
    • Көтерме сауда.
    • Жер қойнауын пайдаланудың барлық секторы.
    • Бүкіл қаржы секторы.
    • Зерттеу.
    • Тасымалдау және сақтау.
    • Телекоммуникация, радио, ақпараттық технологиялар.
    • Құрылыс, белгілі бір қызмет түрлері.
    • Табиғи монополиялар субъектілері.
    • Жалдау және лизинг.
    • Мемлекеттік басқару.
    • Мектептер мен жоғары оқу орындары.
    • Бизнеске арналған қызметтер және басқа да қызметтер.
    • Коммерциялық емес ұйымдар.
    • Медицина.
    • Балық аулау.
    • Ойын бизнесі.

zanmedia.kz

Comments powered by CComment