Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен брифингте елдегі мектептерге балаларды қабылдау қалай жүзеге асырылатынын айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Шынар Ақпарова ережеге сәйкес, 1-сыныпқа қабылдау баланың дамуы мен дайындығына қарамастан жүзеге асырылатынын атап өтті.

«Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихандар немесе тестілеу өткізуге жол берілмейді.Сондықтан ақылы дайындық курстарына бару – тек ата-ананың өз таңдауы және ол мектепке қабылдаудың міндетті шарты болып табылмайды», — деді вице-министр.

 

Zanmedia.kz

Comments powered by CComment