2027 жылдан бастап кей азаматтарға әлеуметтік төлем берілмеуі мүмкін, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі өзгереді.

Енді жәрдемақы алушының жағдайы ғана емес, оның отбасындағы барлық кәмелетке толған мүшелерінің әл-ауқаты да ескеріледі.

Егер отбасы бағалау нәтижесінде:
 «А» — әл-ауқаты жоғары
 «Б» — қанағаттанарлық

санаттарына жатқызылса, кейбір әлеуметтік қолдау шаралары қолжетімсіз болуы мүмкін.

Ол үшін жәрдемақы алушыларға дербес деректерді өңдеуге келісім беру туралы SMS хабарлама жіберіледі.

Сондай-ақ азаматтар мемлекеттік көмекке мұқтаж емес екенін білдіріп, төлемнен өз еркімен бас тарта алады.

 

Zanmedia.kz

Comments powered by CComment