Қазақстанда алты жаңа кәсіби мереке пайда болады. Мұндай ұсынысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі енгізді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрлік жариялаған бұйрық жобасында Қазақстандағы кәсіби мерекелер тізіміне алтауы қосылатыны айтылған:

Қазақстан кәсіпкерлері күні;
Қазақстан қолөнершілері күні;
Табиғи монополия саласы қызметкерлерінің күні;
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерінің күні;
Кадр қызметінің қызметкері күні;

Қоғамдық тамақтану саласы қызметкерінің күні.Сонымен қатар, Энергетиктер күнін атап өту күні өзгереді: бұрынғыдай желтоқсанның үшінші жексенбісінде емес, нақты күн — 22 желтоқсанда аталып өтетін болады.

zanmedia.kz

Comments powered by CComment