Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды, – делінген құттықтауда.

Еске салайық, бұған дейін World Boxing халықаралық ұйымы аты аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің ұйымның жаңа президенті болатынын ресми түрде жариялағанын жазған болатынбыз.

 

zanmedia.kz

Comments powered by CComment