• Қазақша
  • Русский (Россия)
  • English
☰
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Құқық
  • Эксклюзив
  • Іс №
  • Экономика және бизнес
  • Vavada kz
  • Мәдениет және Спорт
  • Арнайы жоба
  • Пікірлер
instaram-icon
Қоғам

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР МАМЫР АЙЫНДА ҚАНША КҮ...

Жарияланған 28-04-2026 110
Қоғам

ҚАЗАҚСТАНДА ЕҢБЕК КІТАПШАСЫ ЖОЙЫЛА МА...

Жарияланған 20-04-2026 1007
Қоғам

ҚАЗАҚСТАНДА 4 МЛН АДАМНЫҢ ЖҰМЫСЫ ӨЗГЕ...

Жарияланған 28-04-2026 108

Пікірлер

bodesign

ПАВЕЛ ДУРОВ КӨЛСАЙДА ЕРЕЖЕ БҰЗБАҒАН – ЭКОЛОГИЯ МИНИСТРЛІГІ

Категория: Общество Жарияланды 13 Қазан 2025 Қаралды: 1147
  • Postfactum.kz

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың Алматы облысындағы «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде шомылып жүрген сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде кеңінен тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ Экология министрлігіне сілтеме жасап.

Экология министрлігі бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіп, Көлсай-2 көлінің маңында шомылуға тыйым салынғаны туралы ескерту белгілері орнатылмағанын анықтады. Осыған байланысты министрлік өкілдері құқық бұзушылық белгілері жоқ екенін мәлімдеді.

Аталған жағдай аумақтың экологиялық тұрақтылығына әсер етпеген, — делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік бұл оқиғаның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережелері туралы туристерді жүйелі түрде хабардар етудің маңыздылығын көрсеткенін атап өтті. Мұндай шаралар елдің бірегей табиғатын сақтау мен экологиялық туризмді дамытуға ықпал етпек.

Сонымен қатар Павел Дуровтың 10 миллионнан астам жазылушысы бар парақшасында жарияланған бейнематериал Қазақстанның табиғи сұлулығын жаһандық аудиторияға таныстырды. Ведомство мәліметінше, бұл елдің туристік имиджін арттыруға оң әсер еткен.

 

zanmedia.kz

  • Алға

Comments powered by CComment

  • Facebook
  • Twitter
  • Instagram
  • Youtube
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыстар

Postfactum.kz© 2021. Все права защищены. При использовании наших материалов гиперссылка на сайт «Postfactum.kz» обязательна.

Мнение авторов может не совпадать с позицией редакции.