• Қазақша
  • Русский (Россия)
  • English
☰
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Құқық
  • Эксклюзив
  • Іс №
  • Экономика және бизнес
  • Vavada kz
  • Мәдениет және Спорт
  • Арнайы жоба
  • Пікірлер
instaram-icon
Қоғам

ЕЛІМІЗДЕ ҚАНДАЙ МАМАНДАР ЖЕТІСПЕЙДІ

Жарияланған 21-10-2026 116
Құқық

АЛМАТЫДА РҰҚСАТСЫЗ САЛЫНҒАН САУДА ОРЫ...

Жарияланған 21-10-2026 110
Қоғам

21 ҚАЗАНДА БІРҚАТАР ӨҢІРДЕ ҚАР ЖАУЫП,...

Жарияланған 21-10-2026 163

Пікірлер

bodesign

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Категория: Общество Жарияланды 04 Қыркүйек 2026 Қаралды: 182
  • Postfactum.kz
  • Zanmedia.kz

Алматы облысының жаңа әкімі болып Шыңғыс Сайранұлы Әрінов тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды, — деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды.

Жаңа тағайындалған әкім кім?

Шыңғыс Сайранұлы Әрінов 1983 жылы 29 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Ол 42 жаста. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін бітірген.

Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында құқықтану мамандығын және Азаматтық авиация академиясында көлік қозғалысын ұйымдастыру және пайдалану мамандығын оқыған.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрларында түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

Президенттің күзет қызметінің бастығы болды.

2024 жылдың маусым айында Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды.

Марапаттары

«Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» ІІ, ІІІ дәрежелі, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдарымен марапатталған.

 

Zanmedia.kz

  • Алға

Comments powered by CComment

  • Facebook
  • Twitter
  • Instagram
  • Youtube
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыстар

Postfactum.kz© 2021. Все права защищены. При использовании наших материалов гиперссылка на сайт «Postfactum.kz» обязательна.

Мнение авторов может не совпадать с позицией редакции.