Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының қабырғасында «шамадан тыс күш қолдану» немесе қауіпсіздікті, заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс – шараға Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әбілхасымқызы Әзімова, «ЕЛ НАМЫСЫ» арнайы мониторингтік тобының төрағасы Рафаэль Руфикұлы Гасанов, Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті мен Тергеу департаментінің, Алматы қаласы ПД, Алматы қаласы ЛА-155/18 мекемесінің, Алматы қаласы Мамандандырылған күзет қызметінің басшылықтары, қоғам өкілдері, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ көрнекті ғалымдар, қоғам қайраткерлері және БАҚ қатысты.

Дөңгелек үстел жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауда құқық қорғау органдарының күшін қолдану және қоғамдық қауіпсіздік саласындағы мәселелерді талқылау аясында өткізілді.

Жиын барысында:

1. Қоғам қауіпсіздігі-мемлекеттің басты басымдығы;

2. Дағдарыс жағдайларында қауіпсіздікті, заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері;

3. Төтенше жағдай кезеңінде заңдылықты, құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі полицияның қызметі;

4. Күш, арнайы құралдар мен қару қолдануға рұқсат ететін мән-жайлар;

5. Жаппай тәртіпсіздіктердің жолын кесу бойынша құқық қорғау органдары қызметінің халықаралық тәжірибесі талқыланды.

Сондай-ақ, құқық бұзушылық жасап жатқан адамдардың құқыққа қарсы әрекеттерін (күш құрылымдары қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылықты белсенді насихаттау, қоғамды арандату, тонау, адам өлтіру, бейбіт азаматтарға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін қолдану, мүлікті ұрлау және бүлдіру), сондай-ақ полицияның қару қолданудағы заңды әрекеттерінің жолын кесу бойынша кешенді іс-шаралар өткізу мүмкіндігі туралы мәселелер қаралды.

Іс-шараға қатысушылар қаңтардың қайғылы оқиғаларына, соның ішінде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан адамдарға, сондай-ақ полиция мен өзге де құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің әрекеттеріне талдау жасады.

Соңында қатысушылар қоғам қауіпсіздігінің әлеуметтік кепілдіктеріне, қаңтар оқиғаларынан кейін полиция қызметкерлерінің психологиялық және моральдық жағдайын қолдауға, құқық қорғау жүйесінің мәртебесін арттыруға, сондай-ақ, халық арасында профилактикалық сипаттағы іс-шараларды өткізуге қатысты бірқатар басым міндеттерді, заңнамалық сипаттағы ұсынымдар мен ұсыныстарды белгіледі.

Postfactum.kz

фото: ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының ақпарат қызметі

Comments powered by CComment