Алматы академиясында онлайн-алаяқтарға қарсы күресетін полицейлер дайындау басталды.
Соңғы кездері интернет, телефон, ватсап алаяқтарының көбейіп кеткені белгілі. Бұл қылмыс әлемі енді онлайн режимде жұртты алдауға кіріскенін білдіреді.
Қашықта отырып қарапайым адамдарды қан қақсататын мұндай қылмысқа қарсы күресу үшін ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында мамандар даярлана бастады. Мұндай шешім өткен жылы қабылданған болатын. Енді полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіптің күзетшілері ғана емес, бағдарламашы да болады. Оларды түрлі хакерлермен қалай күресуге үйретеді.
-Технология күн сайын өзгеріп жатқан қазіргі заманда киберқылмыспен күресу өте маңызды болып отыр, Аталған қылмыспен күресу мамандығына біздер осы саладан тәжірибесі бар кадрларды тартып отырмыз. Оларды дайындауға басқа да ұйымдар мен мекемелер қатысуда -дейді Алматы академиясы бастығының орынбасары Жанат Дилбарханова.
Өте керемет жаңалық! Енді онлайн-алаяқтардың еркінсуі басылып, заң алдында жауап беретін күндері де алыс емес деп ойлаймыз.
ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы
Comments powered by CComment