Сауаттылық сенімге тірек болады. Білімі мен тәжірибесіне сенген тұлға бойындағы табиғи мінезін көрсете, қажет жерінде пайдалана біледі. Бірінші басшы болу оңай жұмыс емес. Талап күшті. Оңтүстік Астана мен өзге облыстарда өз құрылымы бойынша функционалдық міндетін белгіленген мерзімді толық ең бастысы заңнама шеңберінде атқару екінің біріне бұйыра бермейтіні анық. Шыдам, қайсарлық қажет. Десек, бүгінде Алматы облыстық әділет департаментінің басшысы лауазымын атқарып отырған Аманжол АБДРАХМАНОВ осындай тұлға. Сараптайтын халық, төрелігін көрсететін уақыт дей отырып арнаулы сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.
– Аманжол Кеңесбайұлы, әуелгі әңгімені тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау жұмысы туралы айтудан бастасаңыз?
– Департаментіміздің құрамындағы азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында биыл 24 611 азаматтық хал актілері тіркеліп, былтырғы жылдың осы кезеңінде тіркелген актіден 0,9 пайызға немесе 612 акт жазбаларына өсті. Бұл Жетісу жерінде өсім бар екенін білдіреді. Бір ғана мысал бала туу туралы көрсеткіш 338 сәбимен асса, неке қиу 299 артық болды.
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілеріне өзгерістер енгізу, бастапқы қалпына келтіру, күшін жою туралы қағиданың 88 - тармағына сәйкес, 2019 жылдың 10 желтоқсанынан кейін шығарылған некені бұзу туралы сот шешімінің негізінде, АХАТ органдарында некені бұзу туралы акт тіркелмейді. Бұл мәліметтер автоматты түрде ақпараттық жүйеге түседі және неке қию туралы акт жазбасында оның бұзылғаны туралы белгі автоматты түрде қойылады.Осыған байланысты, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда некені бұзу туралы тіркелген актілер санының азаюы байқалады.
– Құжаттарды апостильдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету ше?
– Әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюға әділет департаменті құзіретті. Жыл басынан бері 521 құжатқа апостиль мөрі басылып, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда апостиль қойылған құжаттар саны 262 құжатқа өсті.
– Заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша не айтасыз?
– Заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша 1384 тіркеу іс – әрекеттері жүргізіліп, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркеу іс-әрекеттері 1 056-ға артты.Негізгі себеп білім ордаларының мемлекеттік қайта тіркеуден өтуіне, сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық ислами діни бірлестігі филиалдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілуіне байланысты болды. Тіркеу әрекеттерінен бюджетке түскен баж алымы – 2 188 164 тенге, былтырғы жылмен салыстырғанда 1 527 090 теңгеге жоғарылаған. Заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 466-бабына сәйкес, 9 заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, "ескерту" түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
– Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу ше?
– «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 18-1 бабына сәйкес, Әділет органдары тіркеуші органның қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Осы мақсатта мемлекеттік тіркеудегі тапсырыстарды орындау мерзімдерін сақтау бойынша "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қоры арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингі жүйелі түрде жүргізіледі. Мониторинг нәтижесі бойынша тіркеуші орган тарапынан аталған заңның 23-бабында көзделген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мерзімін бұзу Еңбекшіқазақ, Панфилов аудандары мен Талдықорған қаласы жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімдерінде орын алған. "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы Алматы облысы бойынша филиалына 10 ақпан 2021 жылғы № 11-10/198/-И және 15 наурыз 2021 жылғы № 05-30/396-И бұзушылықтарды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы хаттар жолданды.
Техникалық себептерге байланысты жоғарыда көрсетілген фактілер орын алғандығы туралы мемлекеттік корпорациядан келген жауап call center-1414-ке хабарланғандығы көрсетілді. Тіркеуші орган - ХҚКО жыл басынан бері 51 310 жылжымайтын мүлікке құқықтар тіркелді.
Сондай–ақ, Қазақстан Республикасының 26 қаңтар 2021 жылғы № 412-VІ "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге құжаттардың тапсырылу мерзімінің бұзылуына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 460 - бабы алынып тасталды. Аталған бап алынып тасталғанға дейін облыс бойынша 21 әкімшілік іс қозғалып, барлығына "ескерту" түріндегі әкімшілік жаза қолданылған.
– Зияткерлік меншік құқығы жөнінде айтып берсеңіз. Жалпы сіздерге тұлғалар тарапынан шағым түсе ме?
– Ағымдағы жылы Алматы облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінде зияткерлік меншік құқықтары саласында жеке және заңды тұлғалардың тауар таңбасын заңсыз пайдалану бойынша 3 арыз қаралды. Нақтылай түссем, «Global Wine Distribution» ЖШС-нің бас директоры Шаховцевтың тауарлық белгілерді пайдалану бойынша заң талабының сақталмағаны туралы жазған арызын негізге алып 19 қаңтарда жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында арызда көрсетілген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 158-бабы бұзылмағаны, заң бұзушылық орын алмағаны анықталды. ТОО «Global Wine Distribution» ЖШС бас директоры Шаховцевтың 10 наурыз 2021 жылы осы мәтінде қайталап жазған арызы бойынша тағы да жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, ӘҚБтК 158 бабы бұзылмағаны анықталып тиісті іс қағаздары толтырылды. Жеке тұлға Жүнісованың «Пиала», «Ассам», «Dizzy» тауар таңбаларына қатысты арызын тексергенде субъектіге қатысты нақты мәліметтердің, яғни аты-жөні, ЖСН,орналасқан жері болмауына байланысты қайтарылды. Әрине, бұл деректер күнделікті жұмыс барысында атқаратын функционалдық міндетіміз.
Сырт көзге еренсіздеу көрінгенімен халықпен тығыз байланыста атқарып жүрген тағы бір жұмысымыз зияткерлік меншік саласында 241 құқықтық түсіндіру іс-шаралары өткізілді.Ауданаралық әділет басқармалары және бөлім тарапынан БАҚ құралдары мен әлеуметтік желі жұмысы өз деңгейінде жүргізілуде. Аудандар онлайн жұмыс ісінде әлеуметтік желіні ұтымды пайдалана білді. Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлығын түсіндіру жүргізілді. Қаңтар айында зияткерлік саласына жауапты мамандарға Кәсіпкерлік кодексінің 144- бабының 4- тармағына сәйкес құқы бұзылған заңды немесе жеке тұлғаның өтініштері тексерілді. Сонымен қатар заң талаптары көрсетілген жадынама дайындалып кәсіпкерлермен тауар құқын иеленушілерге БАҚ құралдары, әлеуметтік желілер арқылы жеткізілді. Кәсіпкерлер арасында құқықтық түсіндіру бойынша онлайн семинар кеңестер, дөңгелек үстел, кездесулерді фейсбук және инстаграмм парақшалар арқылы жариялануда. Сөйтіп,әлеуметтік желілермен жұмыс жақсы жолға қойылған. Ендігі мақсат мерзімдік басылымдармен қатар республикалық әлеуметтік желілермен де тығыз байланыс орнату болып отыр. Әрине, танымдық және тағы басқа мақаларымызды беріп отырамыз.
– Сіз басқарып отырған департаментке бағынатын атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімі, жалпы халыққа сот орындаушылары ретінде танылған қызметкерлер жұмысы қалай?
– Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімі «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылар мәртебесі туралы» Заңына сәйкес атқарушылық құжаттар бойынша тұлғалардың мүддесін қорғау, олардың өкілі ретінде сот мәжілістеріне қатысу, департамент атына сотқа қатысты түскен арыздар бойынша жұмыс жүргізеді. Басты бағыты - мемлекеттік және жеке сот орындаушылары әрекеттеріне қатысты департаменттімізге түскен арыздар мен шағымдар бойынша азаматтарды қабылдайды. Сонымен қатар арыз-шағымдарды телефон арқылы қабылдайтын call- center орталығы да бар. Осы бөлімнен тағылымдамадан өткен үміткерлерге тоқсан сайын аттестациялау жүргізіледі. Бүгінгі күні аса маңызды санаттағы атқару өндірісі оның ішінде алимент және мемлекет пайдасына өндіру ісі бойынша бірқатар шаралар атқарылуда.
Мемлекеттік және жеке сот орындаушылары тарапынан заң бұзушылық фактілері орын алған жағдайда тәртіптік жауапкершілікке тарту шаралары қолданылады.Ағымдағы жылдың біріншіт тоқсанында 2853 арыз-шағым қаралды. Сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне жазылған шағымдар саны – 236 болса соның 27 мемлекеттік, ал 209 жеке сот орындаушыларға тиесілі болды.15 айлық есептік көрсеткішті атқару өндірісі бойынша үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында – 2 712 810 тенге игерілді.
– Аманжол Кеңесбайұлы, елмен етене араласып, сот жүйесімен және құқық қорғау органдарымен халықтың арасындағы алтын көпірге айналған адвокаттар туралы да айтып,мағлұмат берсеңіз?
– Күнделікті өмірде елене бермегенімен кімде-кімнің басына қандай да бір іс түсіп, құқығын қорғауға мәжбүр болғанда адвокаттарға жүгінбеске әдділері қалмайды. Бұл қажеттілік әлемдік тәжірибеде жылдар бойы өтеліп әрі жалғасып келеді. Біздің елімізде Ата Заңымызға негізделген адвокаттық қызметті және заң көмегін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұратын «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңнамасына сәйкес адвокаттар жұмыс істейді.
Міне, сол адвокаттық қызметке үміткерлердің білімі компьютерлік тестілеу және әңгімелесуден әділет органдары арқылы өтеді. Заң талабына сәйкес арнайы жасалған сынақтарды заңгерлер бақылап, бағалайды. Жалпы Алматы облыстық адвокаттар алқасысында 467 адвокат бар.Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын 280 адвокатының келісімі биыл қарастырылды.Жыл басынан бері адвокаттардың іс-әркеттеріне қатысты департаментімізге 40 өтініш, сұрау салу,арыздар түсті. 24 арыздың 20 Алматы облыстық адвокаттар алқасына қарауға жолданды. Нәтижесінде 15 арызды қараудан бас тартып, 5 түсіндіру хатын жолдап, біреуі тиісті орынға жіберіліп,, тағы бірі қанағаттандырылып, 2 қаралуда.Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Г.Валимованың іс-әрекетіне қатысты азаматша Сейдалимованың арызы негізге алынып, біздің департамент тарапынан жолданып,енгізілген ұсыныс адвокаттар алқасының Тәртіптік комиссиясының отырысында қаралып, аталған адвокатқа сөгіс берілді.Қалыптасқан жұмыс барысында ағымдағы жылы адвокаттардан 5 сұрау салу хаты түсті.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 668-бабының талаптарына сәйкес 9 өтініш департаментімізге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыруға түскен еді. Соның 4 қараудан бас тартылды, үшеуі адвокаттардың өтініштері бойынша қараусыз қалтырылды.біреуі тиісті орынға жолданып, бір өтініш қанағаттандырылды.Адвокат Мұңайтпасованың өтініші бойынша Алматы облыстық экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Құрманжановқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылып Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысы негізінде қанағаттандырылды.
Бүгінгі таңда Әділет министрлігінің тапсырмасы бойынша бірқатар жоспарлы жұмыс атқарылуда. «Құқықтық мәдениет» арнаулы жобасының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс шаралар, волонтерлік дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы болып салаланады.
– Нотариустар туралы не айтасыз?
– Ағымдағы жылдың басынан бері 8 натарииус ашылып, бір жеке натариус өз еркімен өкілеттігін тоқтатты.Бүгінгі күні 315Алматы облысында нотариус бар.Нотариустың іс-әрекетінің заңдылығын және нотариаттық құжаттар ережесінің сақталуына жоспардан тыс төрт тексеру және бақылау субъектісіне бару арқылы екі профилактикалық бақылау жасалды. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы енгізілген бір ұсыныс бойынша нотариус лицензиясының күшінің қолданылуы 6 айға тоқтатылды.Бір нотариус тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Департаментімізге түскен шағымбойынша облыстық нотариаттық палатасына бір ұсыныс түсіріліп, бүгінде қаралуда. Жалпы нотариустардың іс-әрекетіне 26 шағым облыстық әділет департаментіне түсті.2 нотариустың заң бұзу фактісі анықталды.13 шағым заңға сәйкес келмегендіктен қараудан бас тартылды.5 шағым бойынша түсіндіру хаты жолданды.5 арызды шағымданушылар кері қайтарып алды.Бір шағым қаралуда.
Мемлекеттік қызмет бойынша адвокаттық және нотариаттық қызметтер аттестациялық комиссиясының екі отырысы өтті. Жалпы шақырылған 82 үміткердің - 62 адвокатура, 20 нотариус болса 35 үміткер оң қорытынды алды.13үміткер аттестациялауға қатыспады.8 нотариусқа жеке мөрі дайындалып берілді.Казіргі таңда мемлекеттік қызмет көрсету үшін 35 өтініш түсті.28 өтініш қаралып, кезекті аттестациялауға жіберілсе, 7 қаралуда. Соның 30 өтініші адвокатуға, 5 нотариат.Жыл басынан бері «Документолог» базасымен 259 хат мемлекеттік мекемелер мен жеке тұлғаларға қатысты қаралып жолданды.
– Әңгімеңізге рахмет!
Өмірдерек:
Аманжол Кеңесбайұлы Абдрахманов 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келді. 1998 жыры ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебін, 2001 жылы М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірді.Заңгер. Неміс тіліндегі мәтінді еркін оқып, сөздікпен аударма жасайды. орыс, қазақ тілдерін жетік меңгерген.Әскери арнаулы шені лейтенант. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдықмерекелік медалімен марапатталды.Еңбек жолын 1994 жылы ҚР ІІМ Алматы қалалық департаментінде бастап, ҚР Әділет министрлігі құрылымдарында жалғастырды. 2004-2018 жылдары Алматы, Астана қалаларында және Алматы облысында қатардағы маманнан ХҚКО, Жылжымайтын мүлік орталықтарында басшылық қызметтер атқарып, 2018-2021 жылдары Батыс Қазақстан облыстық әділет департаменті басшысы, ал осы жылдың 15 ақпанынан Алматы облыстық әділет департаментінің басшысы лауазымын атқаруда.
Сұхбаттасқан Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, заңгер-журналист.
(«Заң газетінің 01 06 2021 жылғы санында жарияланған ресми сұхбатымыз толықтырылып берілді.)
Comments powered by CComment