БАҒАҒА МОРАТОРИЙ ЖӘНЕ МҰНАЙ НАРЫҒЫ: ҚАЗАҚСТАН ЭНЕРГЕТИКАСЫНА ӘСЕРІ ҚАНДАЙ?
Өткен аптада Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет мүшелерімен және мемлекеттік органдар басшыларымен кеңес өткізді. Кеңесте 16 қазаннан бастап АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын өсіруге мораторий жариялады. АИ-92 және дизель отынына бағаны өсіруге жарияланған мораторий елдің энергетика саласына қалай әсер етеді? Бұл шешім мұнай өңдеу зауыттарының жаңғыртылуына және отын нарығының жалпы дамуына қалай ықпал етеді? Cарапшының пікірін білген едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.













