ЕЛІМІЗДЕ АЖЫРАСУ ДЕҢГЕЙІ 5 ЖЫЛДА ҚАНША ПАЙЫЗ ТӨМЕНДЕДІ?
2020 жылы елімізде «Қазақстандық отбасылар – 2020» атты алғашқы Ұлттық есеп жарияланды. Есепте ажырасу себептері, отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, туу динамикасына қатысты деректер мен талдаулар қамтылды. Белгілі болғандай, соңғы бес жылда Қазақстанда ажырасу саны 16%-ға төмендеген, деп хабарлайды BAQ.KZ.













